ШҚО-да «Репродуктивті денсаулық апталығы» аясында Ашық есік күні өтеді
Өскемен
11-05-2025, 15:57
0

2025 жылдың 12 мамырында сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін барлық қалалық және аудандық бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында «Репродуктивті денсаулық апталығы» шеңберінде Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған шара аясында азаматтар мамандардан тегін кеңес алып, репродуктивті денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, алдын алу тексерістері мен салауатты өмір салты жайлы ақпарат ала алады.
Фото: pixabay.com