2025 жылдың соңына дейін барлық өңір балабақшалары ваучерлік жүйеге өтеді

Білім / Қазақстан жаңалықтары 19-06-2025, 18:26

2025 жылдың соңына дейін Қазақстандағы барлық балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа жүйе ата-аналарға балабақшаны өздері таңдап, бос орын бар кез келген мекемеге баласын орналастыруға мүмкіндік береді. Ваучерлік жүйе мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға бірдей қолданылады. Ең бастысы – таңдалған мекеме белгіленген талаптарға сай болуы керек.

Ваучерлік жүйе «ақша балаға беріледі» деген ұстаныммен жұмыс істейді. Яғни ата-ана баласының барғанын арнайы табель арқылы растағаннан кейін ғана мемлекет сол мекемеге ақша аударады. Бұл тәсіл қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда жүйе Тараз, Шымкент, Түркістан, Астана, Өскемен, Семей, Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Қосшы, Қонаев қалалары мен Түркістан және Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында енгізілген. Барлығы 15 қала мен 5 аудан қамтылған. Пилоттық жоба аясында 3 мыңнан астам балабақша қосылып, 230 мыңнан астам бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Кейбір өңірлерде, мысалы, Тараз бен Шымкентте балабақша кезегі 44%-ға қысқарған.

Маусым-шілде айларында жүйеге Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Алматы қалалары қосылады. Ал 2025 жылдың соңына дейін еліміздің барлық аймағы толық қамтылмақ.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жаңашылдық ата-аналар үшін нақты таңдау мүмкіндігін береді әрі сапалы қызмет ұсынатын мекемелер арасында салауатты бәсеке қалыптастырады.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар