Алты жылда – 5 есе: Қазақстанда балабақша кезегі күрт қысқарды

Өскемен 5-05-2025, 17:04 0

Қазақстанда соңғы алты жылда мектепке дейінгі білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер болды. 2019 жылдан бері жүргізілген реформалар нәтижесінде балабақша кезегінде тұрған балалардың саны 5 есеге қысқарды – 446 мыңнан 84 мыңға дейін азайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мектепке дейінгі ұйымдар саны да артып келеді:
2019 жылы – 10,5 мың,
2025 жылы – 11,8 мың,
қамтылған балалар саны – 1 миллионнан асты.

Министрліктің мәліметінше, бұрын балабақшаға жолдама алу кезінде электронды кезек жүйесінің шамадан тыс жүктелуі, орын бөлу кезіндегі ашықтықтың болмауы, тіпті жалған қабылдаулар сияқты мәселелер жиі кездесетін. Енді бұл қиындықтар цифрландыру мен ашықтықты арттырудың арқасында біртіндеп шешімін табуда.

– Балабақшаға жолдама алу кезінде бұрын ата-аналар ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болатын. Қазір автоматтандырылған жүйе мен цифрлық сервистердің арқасында бұл үрдіс ашық және әділ бола түсті, – делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Маңызды қадам – ваучерлік қаржыландыру

2024 жылдың шілдесінде Тараз қаласында басталған ваучерлік қаржыландыру жүйесі ата-аналарға кез келген талапқа сай балабақшаны еркін таңдауға мүмкіндік берді. Жоба шеңберінде балабақшаға жолдама ретінде ваучер беріледі. Бұл:

    •    бәсекелестікті арттырады,
    •    қызмет сапасын жақсартады,
    •    жалған тізімдер мен қайталануды болдырмайды,
    •    27 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді.

2025 жылдың соңына дейін ваучерлік жүйе бүкіл республикаға кезең-кезеңімен енгізіледі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға, ал 2028 жылға қарай 100%-ға жеткізу көзделіп отыр. Бұл мақсат Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында нақты белгіленген.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

ШҚУ делегациясы Сібе көлдерінде: туризм мен таным тоғысқан сапар
Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады