ШҚО тұрғындарын жауын-шашынды демалыс күндері күтіп тұр
Шығыс Қазақстан
12-07-2025, 17:59

Шығыс Қазақстанда алдағы сенбі-жексенбі күндері жаңбырлы ауа райы сақталады. Көптеген аудандарда найзағай ойнап, жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскеменде сенбі таңында күн ашық, бұлттар сирек болады. Бірақ түстен кейін жаңбыр басталып, кешке қарай күшейе түседі. Ауа температурасы +25°С-қа дейін көтеріледі.
Жел – оңтүстік-шығыстан, орташа жылдамдықпен соғады.
Жексенбіге қараған түні жауын молаяды, найзағай ойнауы ықтимал. Жексенбі күні таңертең және күндіз де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндіз +23°С, кешке қарай +15°С шамасында болады.
Жергілікті тұрғындарға ауа райына сай киініп, қауіпсіздік шараларын ескерген жөн.
Фото: depositphotos.com