ШҚО-да «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады
13–23 наурыз аралығында Қазақстан бойынша Наурыз мерекесіне орай республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Акция аясында сауда желілерінде азық-түлік және тұрмыстық тауарларға жеңілдіктер ұсынылады, сондай-ақ сауда орталықтарында мерекелік фотозоналар ұйымдастырылады.
Шығыс Қазақстан облысында акция Өскемен қаласындағы бірқатар сауда орындарында өтеді. Олардың қатарында:
• «City Center» СОО
• «45 гастроном» СҮ
• «Family Market Самал» СОО
• «Magnum» СОО
• «Алтай маркет» СҮ (Жібек жолы көшесі, 1)
• «Алма стор» СД
• «Колос» СҮ
• «Волна» СҮ
• «Фараон» СҮ
• «ТНП» СОО
• «Император» СҮ
Сонымен қатар 13–20 наурыз аралығында сауда нысандарын цифрлық безендіру мен инновациялық шешімдерді дамытуға бағытталған «Sauda in Digital Nauryz» республикалық байқауы өтеді. Байқау қорытындысы 20 наурызда шығарылады.
