#Өскемен / Жаңалықтар / ТЖ
Қар құрсауында қалғандарға құтқарушылар көмекке келді
Сегодня, 10:00
Ұлан ауданы,Каменка ауылдық округі, Каменка су қоймасынан екі автокөлікпен қайтып келе жатқан 4 балықшы қолайсыз жағдайда тап болған.
Қар құрсауы терең және бос болғандықтан, автокөлік арықтарда кептеліп қалғандықтан, адамдар өз беттерінше автокөліктерімен шыға алмай қалған. Жолда қалып қойған жолаушыларға жоғары өтімді техникалармен құтқарушылар көмекке жетті.
Қар құрсауларынан өтіп, ТЖ қызметінің құтқарушылары балықшыларды тауып,жақын елді -мекенге дейін жеткізді.Олар медициналық қызмет қажет етпеді.
Облыста жақын күндері дауылды ескерту жарияланған, құтқарушылар 112 қызметінің ұсынымдарына мұқият болуға және ауа -райы жағдайларын ескеру керектігін ескертеді. Өз өмірлеріңізді қауіпке тәуекел етпеңіздер.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмері бойынша хабар беріңіздер.
