Ертіске салынатын жаңа көпірдің құрылысы биыл басталады – Өскемен

Облыс орталығындағы Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы биыл басталмақ. Бұған дейін белігілі болғанындай жаңа көпір Меновное ауылы мен Виноградов көшесін байланыстыратын тұсқа салынбақ.

Бұл туралы қала әкімі Алматы Ақышов халықпен есеп беру кездесуінде айтып, слайдта суретін көрсетті.

– Егер бәрі жақсы болса, құрылыс биыл басталады, – деп атап өтті қала әкімі.

Жаңа көпір салынса қала ішіндегі кешке-таңертең болатын кептеліс азаймақ.

Бөлісу: Facebook Telegram Twitter