Шемонаихада Уба өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы басталады - ШҚО

Өскемен 19-03-2025, 17:24

Шемонаиха қаласындағы Уба өзені арқылы өтетін көпірдің қазіргі жағдайы апатты деп танылып, жаңа көпір салу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі. 

1962 жылы салынған көпірдің ұзындығы – 227 м, биіктігі – 7,65 м. Көпірдің тозуына байланысты 23 тоннадан асатын көліктерге шектеу қойылып, кері қозғалыс ұйымдастырылған.

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, жаңа көпір құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, аяқталу сатысында тұр.

– Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны – 8,5 млрд теңге деп бағалануда. Дегенмен нақты сома мемлекеттік сараптамадан кейін белгілі болады, – деді баяндамашы.

Жоспарға сәйкес, жаңа көпірдің ұзындығы – 242 метр болады. Онда 3,5 метрлік екі жолақ қарастырылған. Сондай-ақ, екі жағынан 2,2 метрлік жаяу жүргінші жолдары салынады.

Көпір құрылысы 2025 жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарлануда. 


Фото: Махаббат Ахметжанова

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар