Дауылды ескерту: найзағай мен күшті жел күтіледі

Өскемен 4-05-2025, 16:09

“Қазгидромет” Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, 5 мамыр күні өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, ал күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарында найзағай болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында да күндіз найзағай күтіліп, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Жоғары өрт қаупі қалада да сақталмақ.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар