Шығыста тұман күтіледі: дауылды ескерту жарияланды

Өскемен 26-03-2025, 10:56 0

"Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының мәліметінше, 26 наурызда түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар, облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыс бағытта соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

– ШҚО ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.  Көлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін сақтап, арақашықтықты ұлғайту ұсынылады.  Жаяу жүргіншілерге  асықпай жүру, тайғақ жерлерде сақ болу қажет.  Күшті жел кезінде электр сымдары мен тербеліп тұрған заттарға жақындамаңыз.  
Ағаштардың астында және автобус аялдамаларының артында тұрудан сақ болыңыз.  Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне хабарласыңыз. Ауа райының өзгерістерін бақылап, сақтық шараларын ұстаныңыз,- делінген ресми хабарламада.


Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады