ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды: сақ болыңыздар!

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының хабарлауынша, 3 мамыр күні өңірде қолайсыз ауа райы күтілуде.
Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар түнде облыстың шығыс бөлігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауа райының тұрақсыздығына байланысты облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде, сондай-ақ Өскемен қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) тұрғындарға төмендегі қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді:
Күшті жел кезінде тербелмелі және электр сымдарының маңынан аулақ болыңыз;
Автобус аялдамаларының артына, ғимараттардың қабырғасына немесе ағаштардың астына тығылмаңыз;
Өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында, саяжай немесе үй маңындағы аумақта от жағуға қатаң тыйым салынады;
Отты пайдаланғанда аса сақ болыңыз, балаларды бақылаусыз қалдырмаңыз.
Кез келген төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» нөміріне дереу хабарласыңыз.
Фото: depositphotos.com