Шығыс Қазақстанда найзағай, бұршақ пен қатты жел күтілуде

Шығыс Қазақстан 11-07-2025, 11:43

11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, ал күндіз солтүстік пен шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы және дауыл тұруы мүмкін.

Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетсе, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте 23 м/с дейін күшейеді.

Сонымен қатар облыстың орталығы мен оңтүстігінде өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады.

Өскеменде де 11 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыс пен солтүстік-батыстан соғып, 15-18 м/с дейін күшейеді.

Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі: найзағай кезінде үйде болуға тырысыңыз, электр құралдарын өшіріп, пайдаланбаңыз; көшеде металл қоршауларға, биік нүктелер мен электр өткізгіш заттарға жақындамаңыз; қатты жел соққанда салбырап тұрған сымдарға немесе тербеліп тұрған заттарға жақындамаңыз; автобус аялдамаларында, ағаштардың астында жасырынбаңыз; үйлер мен аулалардың маңында от жақпаңыз, қураған шөп пен қамысты өртемеңіз; өрт сөндіруге арналған қарапайым құралдарды дайындап қойыңыз; автокөліктен сөндірілмеген темекі тұқылын, шыны бөтелкелерді тастамаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар