ШҚО-да найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі
Өскемен
1-07-2025, 16:04

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 02 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Өскемен қ. таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет:
- найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте терезені, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
- металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
ТЖ туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.