Марқакөл ауданы барлық салада тұрақты өсімді көрсетуде: инвестициядан бастап білімге дейін

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Марқакөл ауданы экономикадан бастап әлеуметтік салаға дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Бейсенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.
Оның айтуынша, биліктің басты басымдығы – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру. Осы мақсатта инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, бизнеске қолдау көрсетілуде, туризм дамып, ауылдардағы өмір сапасы жақсаруда.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бірден 230,4%-ға артса, өңдеуші өнеркәсіптегі өсім 119,3%-ды құрады. Кәсіпкерлік белсенділік те артып келеді – ШОБ субъектілерінің саны 117,9%-ға өсті, сондай-ақ бөлшек сауда көлемі де ұлғайды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер гранттар мен жеңілдетілген несиелер алуда.
Туризм саласына ерекше көңіл бөлінуде. Бірден үш жоба – MARKAKOL LODGE, Рахат-туризм және Айсаб мемлекеттік қолдауға ие болды. Аудан ШҚО-дағы ең үздік рекреациялық аймақ байқауында жеңімпаз атанып, туристік инфрақұрылымды дамытуға 200 млн теңге тартты.
Сонымен қатар, жолдар, су жүйелері, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары белсенді түрде жаңғыртылуда. Ауданда ТКШ саласын дамытуға жүздеген миллион теңге бағытталды. Жаңа контейнерлер орнатылып, арнайы техника сатып алынуда.
Әлеуметтік қолдау – тағы бір маңызды бағыт. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға арналған үйлер пайдалануға берілді. Ауылдарда мектептер мен медициналық пункттер салынып жатыр, мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100%-ды құрайды. Аудандық аурухананы күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары басталып, жаңа медициналық жабдықтар жеткізілді.
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ауқымды экологиялық акциялар өтті – 2700 ағаш отырғызылып, ондаған аумақ тазартылды, экологиялық препараттарды қолдана отырып жәндіктерге қарсы күрес жүргізілді.
Бұдан бөлек, мәдени-спорттық инфрақұрылым да жаңартылуда: дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, жылжымалы сахна сатып алынды, ауылдық клубтар жөнделіп, жаңа спорт алаңдары салынып жатыр.