#Президент / Қоғам / Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды
30-10-2025, 17:27
Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды.
?Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.
?Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.
?Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.
t.me/aqorda_resmi
