Географиялық нұсқаулар дегеніміз не?

Географиялық нұсқау (ГН) – бұл өнімдерде қолданылатын және белгілі бір географиялық шығу тегіне ие, сол арқылы сапасы мен беделі қалыптасқан белгілер.
Географиялық шығу тегіне байланысты тауарлар мен өнімдердегі Географиялық нұсқау (ГН) олардың сапасы мен ерекше сипаттамаларының кепілі болып табылады. Бұл ерекшелік тұтынушылар үшін қосымша құндылық ретінде танылады, мұндай белгісі жоқ басқа тауарлармен салыстырғанда баға жоғары болса да сұраныс сақталады.
Шығу тегімен байланысты тауарлар тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Географиялық нұсқау алу маркетингте, ауылдық аймақтардың дамуына, танымалдықты арттыруға, туристерді тартуға, экспортты кеңейтуге оң ықпал етеді – бұл ГН тіркеудің артықшылықтарының кейбірі ғана.
«ГН» белгісі өнімді ғана емес, нарықтағы барлық қатысушыларды (тұтынушылар мен өндірушілерді) заңсыз қолданудан қорғайды. ГН – тұтынушыларға өнімнің шынайы шығу тегін және сапасын кепілдендіреді.
ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, географиялық нұсқаулар мен тауарлар шыққан жер атаулары туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында географиялық нұсқауларды құқықтық қорғау осы Заңда және халықаралық шарттар негізінде беріледі.
ГН ретінде тану шарттары: тауар нақты бір аймақтан шығуы тиіс, географиялық аймақтың бір бөлігі өнім өндірісінің кезеңі болуы қажет, аймақ өнімнің сапасы мен сипаттамасына елеулі әсер етуі тиіс, өнім географиялық шығу тегіне тікелей байланысты сипаттарға ие болуы керек.
Qazpatent-ке өтінім беру үшін қажетті құжаттар:
1. Географиялық нұсқауды тіркеуге немесе құқық алуға өтініш;
2. Ұсынылатын белгі;
3. Өнім түрі;
4. Шығу орны (өндіріс аймағы);
5. Өнім сапасының, беделінің және (немесе) басқа да сипаттарының сипаттамасы
(қолданылатын шикізат, физикалық, химиялық, микробиологиялық немесе басқа сипаттамалар), олардың географиялық шығу тегіне тікелей байланысты екені көрсетілуі тиіс;
6. Тауар өндіру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын мәліметтер.
Географиялық нұсқауды (ГН) тіркеудің қолданылу мерзімі – өнімнің белгілі бір сапасы, беделі немесе өзге де сипаттамалары, географиялық шығу тегіне айтарлықтай байланысты болған жағдайда, мерзімсіз болып есептеледі.
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі