Үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт – енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

Енді үй жануарыңыздың барлық деректерін eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық паспорттан көруге болады. Қызмет TABAN – үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасымен біріктірілген. Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарлар мен оларға қатысты маңызды оқиғалар сақталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Цифрлық паспортта келесі мәліметтер көрсетіледі:
- жануардың жеке және құжат нөмірі
- аты, түсі, тұқымы, туған күні
- ерекше белгілері, жынысы мен түрі
- тіркелген және нақты тұратын мекенжайы
- иесінің аты-жөні мен ЖСН
- чиптеу, стерилизация және вакцинация туралы ақпарат (күні мен мәртебесі)
Қызметті пайдалану үшін:
- eGov Mobile қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіңіз
- «Цифрлық құжаттар» сервисін ашыңыз
- «Басқа құжаттар» бөлімінен Жануар паспортымен танысыңыз
- Егер құжат көрінбесе, «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басыңыз
Цифрлық паспорт – ветеринарлық клиникаға барған кезде, саяхат кезінде, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда қажетті ақпаратты жедел ұсынудың тиімді құралы. Бұл жаңашылдық үй жануарларын жүйелі түрде тіркеуге, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
2025 жылғы наурыз айындағы дерек бойынша, жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы – иесіз жануарлар.
Фото: pixabay.com