Елімізде колледждерге арналған бірыңғай цифрлық карта әзірленіп жатыр

Қазақстан жаңалықтары 5-07-2025, 11:46

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы барлық мәліметті бір жерге жинақтайтын интерактивті ақпараттық карта әзірленіп жатыр. Бұл бастама ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған жоба жұмысшы мамандықтар жылына орай қолға алынған. Цифрлық карта пайдаланушыларға өңірлер бойынша колледждерді оңай табуға және олар туралы толық әрі өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Жаңа жүйе арқылы:

  • нақты бір аймақтағы колледждердің саны,
  • студенттер мен оқытушылар туралы мәліметтер,
  • жатақхана мен спорт зал сынды инфрақұрылым,
  • оқытылатын мамандықтар мен даярлық бағыттары туралы ақпарат қолжетімді болады.
«Бұған дейін бұл деректер әртүрлі сайттар мен платформаларда шашыраңқы күйде болатын. Енді барлық мәлімет бір картада шоғырланбақ. Бұл – тек білім алушылар үшін ғана емес, ата-аналар мен уәкілетті органдар үшін де пайдалы құралға айналады», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Жоба пилоттық режимде іске қосылып, толық іске қосу 2025 жылдың шілдесіне жоспарланған. Қазіргі таңда ақпараттық картаның алғашқы нұсқасы map.talap.edu.kz/map сілтемесі арқылы ашық қолжетімді.

Жоба техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру арқылы білім беру саласын қолжетімді әрі ашық етуге бағытталған.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар