Отбасының цифрлық картасы: мемлекеттік қолдауға өтінішсіз қол жеткізу мүмкіндігі

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсету мақсатында 259,5 мың қазақстандыққа SMS-хабарлама жіберілді. Бұл хабарламалар азаматтарға өтініш бермей-ақ жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге қол жеткізуге жол ашты. Нәтижесінде, 202,1 мың адам осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл жаңашылдық Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің арқасында жүзеге асып отыр. Аталған цифрлық құрал мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде қалыптастырылады. Қазіргі таңда онда Қазақстанның 20 миллион азаматы немесе 6,2 миллионнан астам отбасы туралы мәлімет жинақталған.
ОЦК енгізудегі басты мақсат – мемлекеттік қолдау жүйесіне азаматтардың тең және ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету. ҚР Әлеуметтік кодексінде бұл карта елдегі әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді басымдықтарын қалыптастыру құралы ретінде белгіленген. Сонымен қатар, ОЦК – азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне сәйкес қандай қолдауға құқылы екенін күнделікті электрондық хабарлама арқылы еске салып отырады.
Бүгінгі таңда ОЦК арқылы өтініш бермей-ақ 11 түрлі жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді ресімдеуге болады. Олардың қатарында:
• Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
• Жұмыссыз қалғанда төленетін әлеуметтік төлем;
• Асыраушысынан айырылу жағдайындағы төлем;
• Бала туғанда және 1,5 жасқа дейінгі күтіміне арналған жәрдемақы;
• Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) жәрдемақы;
• Мүгедектікке байланысты жәрдемақы;
• Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне төленетін жәрдемақы;
• Атаулы әлеуметтік көмек;
• Жерлеуге арналған біржолғы төлем және т.б.
Сонымен қатар, ОЦК жүйесі арқылы:
• Зейнетақы төлемдерін алу,
• «Қандас» мәртебесін алу немесе ұзарту,
• Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға жұмысқа орналастыру шаралары бойынша ақпарат жіберу мүмкіндіктері іске қосылған.
Қалай жұмыс істейді?
Егер азамат қандай да бір әлеуметтік көмек алуға құқылы болса, оған 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама келеді. Азамат өз келісімін растаған жауап жіберсе, жәрдемақыны ресімдеу процесі автоматты түрде басталады. Ақша қаражаты азаматтың банк шотына аударылады.
Алаяқтықтың алдын алу үшін тек 1414 нөмірінен келген SMS-ке ғана жауап беру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша 1414 Call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу – тегін.
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсету мақсатында 259,5 мың қазақстандыққа SMS-хабарлама жіберілді. Бұл хабарламалар азаматтарға өтініш бермей-ақ жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге қол жеткізуге жол ашты. Нәтижесінде, 202,1 мың адам осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Фото: gov.kz