Қытаймен шекарада жаңа кеден бекеті ашылды

Қытаймен шекарадағы жаңа «Достық» өткізу пункті толық жұмысын бастады. Бұл бекет Алакөл ауданында орналасқан және қазіргі заманға сай жабдықталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Жаңа нысан – Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан шекарасындағы кеден бекеттерін жаңарту жобасының бір бөлігі. Бұл жоба шекарадан өтуді жеңілдетіп, көлік жүргізушілер мен жүк тасымалдаушылар үшін ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Достық» бекетінде бұрын тек 2 жолақ болса, қазір олардың саны 6-ға жетті. Енді күніне 800 көлікке дейін өткізуге мүмкіндік бар. Бұл шекарадан өту уақытын айтарлықтай қысқартуға көмектеседі.
Кеден бекеті автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған. Яғни, көліктерді тексеру мен рәсімдеу процестері енді әлдеқайда жылдам әрі тиімді болады.
Мамандардың айтуынша, бұл жоба Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақтың транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, шекара маңындағы инфрақұрылымның дамуына да үлес қосады.
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті