Жазда Алакөлге жету оңай болады – қосымша пойыздар мен қолжетімді әуе рейстері іске қосылады

Өскемен 21-05-2025, 10:27

Жазғы маусымда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен еш қиындықсыз жете алады. Көлік министрлігі демалыс маусымына орай көлік қатынасын кеңейтіп, қолжетімді бағамен әуе рейстерін іске қосып, теміржол бағыттарын көбейтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алакөл курорттық аймағына жазда барлығы 13 пойыз бағыты қатынайды. Оның ішінде 4 бағыт – жыл бойы жұмыс істейтін, ал қалған 9-ы – жазғы маусымға арналған.

Алматы – Алакөл бағытындағы пойыздар:

  • №207/208 «Алматы-2 – Жалаңашкөл» (аптасына 2 рет)
  • №221/222 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет)
  • №211/212 «Алматы-2 – Достық» (маусым–шілдеде жұп күндері, тамызда тақ күндері)
  • №337/338 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет)
  • №21/6941/6942/22 «Алматы-1 – Достық» (жұп күндері)

Астана – Алакөл бағытындағы пойыздар:

  • №54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет)
  • №254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет)
  • №122/6942/6941/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері)

Өңірлік бағыттар:

  • №31/6942/6941/32 «Павлодар – Достық» (жұп күндері)
  • №21/6942/6941/22 «Қызылорда – Достық» (тақ күндері)
  • №457/458 «Семей – Достық» (тақ күндері)
  • №459/460 «Өскемен – Достық» (тақ күндері)
  • №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (күн сайын)

1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Үржар әуежайына субсидияланған рейстерді іске қосады. Бұл – Алакөлдің маңындағы ең жақын әуежай.

Астана – Үржар: аптасына 6 рейс, билет бағасы – 16 000 теңге

Алматы – Үржар: аптасына 6 рейс, билет бағасы – 14 000 теңге

Сондай-ақ, Үшарал қаласына да арзан бағамен субсидияланатын рейстерді іске қосу жоспары қарастырылып жатыр.

Алакөлге дейін республикалық маңызы бар барлық жолдар жаңадан төселген асфальтпен жабдықталған.

Жетісу облысы жағынан:
«Талдықорған – Өскемен» жолымен Үшаралға дейін (768 км), одан соң «Үшарал – Достық» (180 км) арқылы көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.

Абай облысы жағынан:
«Таскескен – Бақты»(133 км) жолымен Мақаншы ауылына, әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына дейін бара аласыз.


Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар