Жүк тасымалы бойынша маңызды жобалар жүзеге асуда

Жаңалықтар 12-05-2025, 10:41

Ел аумағында жүргізіліп жатқан маңызды жобалардың бірі – жүк тасымалдау саласында. 2024 жылы осы бағыттағы жобалар көрсеткіші 22 пайызға жеткені байқалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззәт Стамғазиеваның айтуынша, бұл 22 пайыздық көрсеткіш тек теміржол тасымалына ғана қатысты емес. Өйткені жүк тасымалының бірнеше түрі бар, олардың ішінде теміржол, су жолы, әуе жолы және автомобиль жолы бар. Қазіргі уақытта ең көп сұранысқа ие тасымал түрі – теміржол тасымалы. Одан бөлек, қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты басқа жолдарға сұраныс азайып, теміржол тасымалына сұраныс артады. Әсіресе, қыс маусымында көмір мен инертті материалдарды тасымалдауда теміржол тасымалы ең қолайлы транспорт ретінде танылған.

- Қазіргі таңда теміржол тасымалы еліміздің ішкі тасымалында 55 пайыздық сұранысқа ие. Бұл көліктің басты артықшылығы болып табылады, – деді Ләззәт Стамғазиева.

Ал жаз мезгілінде құрылыс жұмыстарының көбейіп, құрылыс материалдарын жеткізу қажеттілігі туындаған кезде, автомобиль тасымалының рөлі артатын болады.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі таңда Көлік министрлігі шетелдік бланктерді цифрландыру бойынша үлкен жобаны қолға алған. Бұл бастама соңғы үш айда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берген. «Шетелге рұқсат беру бланктері біздің жүк тасымалдаушыларымызға шетелге ресми түрде шығуға мүмкіндік береді. Мысалы, өткен жылдың соңында Қытаймен жасалған келісім бойынша электронды форматқа көшу нәтижесінде тасымалданып жатқан жүк көлемі артты», – дейді Ләззәт Стамғазиева.

Алдағы жылдары министрлік тарапынан жүзеге асырылатын жоспарлар да көп. Оған порттардың акваториясын тереңдету, вагондар мен локомотивтерді жаңарту, сондай-ақ автомобиль тасымалдарына арналған жол салу жобалары кіреді. Электронды көліктерге арналған арнайы жолдар мен қызмет көрсету нысандары да жоспарға енгізілген.

- Жолдарды салу Алматы-Астана бағыты бойынша аяқталса, Ақтөбе-Ұлғайсын бағыты бойынша құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, Атырау-Доссор жолдары енді салынбақ. Ақтөбе-Қандыағаш жолдарының арасы қосылды. Осы жобалардың аясында қызмет көрсету нысандарының саны артады деп үміттенеміз, – деді министрлік өкілі.
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар