Күршімдік диқандар жаппай жаңбырлатып суару әдісіне көше бастады

Шығыс Қазақстан 15-07-2025, 10:21

Күршім ауданының диқандары егістік алқаптарын жаңбырлатып суару әдісіне жаппай көше бастады. Бұған 2024 жылдың соңында пайдалануға берілген Бұқтырма көпірі зор серпін беріп отыр. Көпір арқылы өнімді өткізу, техника тасымалдау, қажетті құрал-жабдықтарды жеткізу жеңілдеп, агроөнеркәсіп саласының тынысы ашыла түсті.

Мәселен, 2023 жылы жаңбырлатып суару әдісі тек 9 гектар жерге қолданылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 75 гектарға дейін ұлғайды. Ал биыл, яғни 2025 жылы, 230 гектар алқап жаңа технологиямен суарылып отыр. 

Биыл жаңбырлатып суаруға көшкен кәсіпкерлердің бірі – Мұрат Бикенов. Ол бақша шаруашылығымен айналысып келе жатқанына жиырма жылдан асқанын айтады.

— 1993 жылы әскерден келген соң, осы кәсіпке бет бұрдым. Тәжірибелі туыстарымнан үйреніп, өз ісімді бастадым. Биыл алғаш рет жеті гектар жерді жаңбырлатып суардық. Бұрын тоғыз гектарға егіс егетінбіз, бірақ бұл жолы жер көлемі аз болғанымен, жаңа технология арқылы мол өнім аламыз деп үміттенеміз. Әрине, шығын да болды – несие алдық, жеке қаражат салдық. Бірақ соның бәрі кәсіптің болашағы үшін, – дейді ол.
Мұрат Бикенов жаңа әдістің бірқатар тиімді тұстарын атап өтті. Атап айтқанда, жаңбырлатып суару кезінде су үнемделеді, арамшөп аз өседі. Бұрын арықпен суару кезінде судың көп бөлігі далаға кетіп, жұмысшы күші де артық жұмсалатын.


Фото: Altaynews media centre

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар