Экотуризмге жаңа серпін: Катонқарағай ауданында демалыс орталығы ашылады
Өскемен
26-05-2025, 18:22

Ауыл туризмін дамыту — Қазақстан экономикасының әлеуетін арттырудың басым бағыттарының бірі. «AMANAT» партиясы жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының арқасында ауыл тұрғындары өз ісін бастап, туған өлкесінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік алуда.
Сол бастамашыл кәсіпкерлердің бірі — Катонқарағай ауданының тұрғыны Тұңғат Ығманов. Ол аталмыш бағдарлама арқылы жылдық 2,5 % жеңілдетілген несие алып, 9,2 миллион теңге көлемінде қаражатқа өз ауылында бизнес бастауға шешім қабылдады.
«“Ауыл аманаты” бағдарламасы менің арманымды жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Алған несиенің көмегімен туған жерімде шағын демалыс үйінің құрылысын бастадым. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталды, алғашқы қонақтарды 25 мамырда қарсы алуға дайындалып жатырмыз», — дейді Тұңғат Ығманов.
Катонқарағай ауданының көркем жерінде орналасқан демалыс үйінде келесі жағдайлар қарастырылған:
жайлы әрі заманауи бөлмелер;
жылыту жүйесі бар монша;
қажетті жиһаз және тұрмыстық техника;
ең бастысы — табиғат аясындағы тыныштық, таза ауа және жан тыныштығы.
Қонақтарға келесі қызмет түрлері ұсынылады:
көркем табиғат аясында атпен серуендеу;
шөп буымен денені тазартуға арналған фитобөшке;
кәсіби массаж;
емдік өсімдіктермен емделу (фитотерапия);
шөп буымен жасалатын монша рәсімдері.
Кешен аумағында киіз үй орнатылған, онда:
қымыз ұсынылады;
дәстүрлі қазақ тағамдары әзірленеді;
қонақтар қазақ салт-дәстүрімен танысып, ұлттық рәсімдерге қатыса алады.
«Катонқарағай табиғатының сұлулығын мүмкіндігінше көбірек адам көрсе екен деймін. Қонақтар тек демалып қоймай, қазақ дәстүрінің рухын сезініп, ұлттық тағамдардан дәм татып, ауыл туризмінің қандай әлеуетке ие екенін байқаса екен. Бұл менің бала күнгі арманым еді, енді шындыққа айналып жатыр. Ауылда тұрып-ақ бизнес бастауға және туған өлкенің дамуына үлес қосуға болады», — дейді кәсіпкер Тұңғат Ығманов.
Бұл туристік нысанның ашылуы — мемлекеттік қолдаудың ауылды жандандыруға, жұмыс орындарын ашуға және ұлттық мәдениетті туризм арқылы дамытуға мүмкіндік беретінінің жарқын үлгісі.