Әлеуметтік осал топтарға несие төлемін шегеру жеңілдігі қарастырылуда

Қазақстан жаңалықтары 14-07-2025, 12:06

Елімізде халықтың кейбір топтарына несиені кейінге шегеру мүмкіндігін беру мәселесі қарастырылуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік осал топтар мен табиғи апаттардан немесе басқа да форс-мажор жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға қатысты өзгерістерді қамтитын жоба құжаты «Ашық НҚА» – заң жобаларын жария талқылау порталына жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі №82 «Микрокредит беру ережесіне өзгерістерді енгізу қағидаларын бекіту туралы» және №84 «Банктік қарыз шарты талаптарына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобада мыналар жоспарланған:
    1.    Халықтың әлеуметтік осал топтары мен форс-мажор жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға қарыз төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігін қарастыру;
    2.    Растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, қарыз алушының (ХӘОТ санатына кіретін немесе төтенше жағдайдан зардап шеккен азамат) табысы азайған уақытта, кемінде үш ай мерзімге комиссиясыз төлемді кейінге шегеріп, осыны бекіту;
    3.    Қарызды өтеуге мүмкін болмайтын өмірлік жағдайлардың сипатына қарай, қарыз алушыдан құжаттарды алу тәртібін нақтылау және тиісті құжаттар тізімін қосымша ретінде бекіту», – делінген ресми хабарламада.

Фото: depositphotos.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар