Былтыр Қазақстан 15 млн-нан астам шетелдік туристі қабылдады

Қазақстан жаңалықтары 11-06-2025, 18:24

2024 жылы Қазақстанға 15 млн-нан астам шетелдік турист келді. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады. Сонымен қатар ішкі туризм де айтарлықтай өсті: 10 млн-нан астам қазақстандық ел бойынша белсенді саяхаттады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Министр соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналғанын атап өтті. Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар