Астанада тағы бір маңызды халықаралық кездесу өтпек

16-17 маусым күндері Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді. Бұл сапар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында Қазақстан мен Қытай басшылары жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізеді. Онда екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, сауда-экономикалық, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланбақ.
Сондай-ақ 17 маусым күні Астана қаласында Қытай мен Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді. Бұл – аймақтағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды жиын болмақ.
Аталған саммитте өңірлік қауіпсіздік, инфрақұрылым, энергетика және сауда салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болады деп күтілуде.
Фото: stock.adobe.com