Байланыссыз күндер артта: Шанағаты онлайн өмірге өтті
Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан
4-12-2025, 12:03

Шығыс Қазақстанның ең шалғай ауылдарының бірі – Шанағатыға алғаш рет толыққанды интернет қосылды. Қазіргі әкім Нұрымбет Сақтағанов қолдауымен бұл мәселе шешімін тауып, көптен күткен байланыс ауылға орнатылды.
Қазір Шанағатыда 17 отбасы тұрады. Солардың 13-і «Starlink» жүйесіне қосылса, қалғандарына тегін free Wi-Fi тартылды. Бұрын ауылда мектептің ішкі Wi-Fi-ынан басқа интернет болмаған, тұрғындар онлайн шаруаларын шешу үшін мектепке немесе көрші ауылға баруға мәжбүр болатын.
Енді жағдай мүлдем өзгерді.
– Ауылымызға интернеттің келуі – біз үшін үлкен қуаныш. Қажетті жұмыстарды үйден шықпай-ақ атқара аламыз. Облыс әкіміне және жергілікті әкімдікке алғыс айтамыз, – дейді тұрғындар.
Интернеттің тартылуы осы шалғай өңірге жаңа мүмкіндіктер әкелді: онлайн білім, жұмыс, медициналық кеңес, мемлекеттік қызметтер мен цифрлық сервистер қолжетімді болды.
Шанағаты үшін бұл – тек байланыс емес, өмір сапасын арттыруға жасалған үлкен қадам.
