Заманауи құрылғылар, ерте диагностика, сапалы ем: Онкологиялық көмек жаңарып келеді

Қазақстан жаңалықтары 11-06-2025, 19:02

Соңғы жылдары елімізде қатерлі ісікпен ауыратын адамдар саны көбейіп келеді. 2024 жылы 41 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталған. Бұл — алдыңғы жылдарға қарағанда 3%-ға көп. Дегенмен, жақсы жаңалық та бар: соңғы 10 жылда онкологиялық аурудан қайтыс болғандар саны 30%-дан астам азайған, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Қазір елімізде 236 мыңнан астам адам онкологиялық есепте тұр. Олардың жартысынан көбі – еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Сондықтан бұл мәселе мемлекет үшін өте маңызды болып отыр.

Онкологиялық көмекті жақсарту үшін арнайы 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Бұл жоспар қатерлі ісікті ерте анықтау, заманауи құрылғылармен диагноз қою және жаңа әдіспен емдеу жұмыстарын қамтиды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 ұлттық және 20 аймақтық онкологиялық орталық бар. Соңғы жылдары бұл орталықтар ең заманауи технологиялармен жабдықталып жатыр. Мысалы, әлемдік жетекші компаниялар шығарған 27 сызықтық үдеткіш (сәуле арқылы емдеу құрылғысы) орнатылды. Сондай-ақ елімізде Орталық Азиядағы жалғыз протон терапиясы орталығы және Gamma Knife аппараты бар – бұл күрделі ісіктерді дәл әрі қауіпсіз жолмен емдеуге мүмкіндік береді.

2024 жылы тағы 6 жаңа сәулелік аппарат іске қосылды. Алдағы екі жылда 10 жаңа аппарат орнатылады. Бұл өз кезегінде мыңдаған адамға жоғары сапалы ем алуға жол ашады.

Жалпы жоспар бойынша, 2028 жылға қарай еліміздегі онкологиялық орталықтардың 85%-ы жаңа техникамен жабдықталады. Бұл – онкологиялық көмек сапасын жақсартып, оны барлық аймақтардағы халыққа қолжетімді етуге үлкен қадам.

Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігі

Фото: stock.adobe.com


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар