Қазақстан құрамасы блиц-шахматтан әлемнің вице-чемпионы атанды

Қазақстан жаңалықтары 17-06-2025, 11:25

Биылғы FIDE World Teams Rapid and Blitz Championships турнирінде KazChess құрамасы шын мықтылардың қатарынан көрініп, блиц шахматтан әлемнің күміс жүлдесін жеңіп алды. Бұл – зор жетістік, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан шахмат федерациясының Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстанның намысын қорғаған команда халықаралық деңгейдегі бәсекеге ерекше дайындықпен қатысып, мықты қарсыластарды артта қалдырды. Жартылай финалда Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы тартысты матчта шешуші партия бірінші тақтада өтті. Мұнда шахмат әлемінің жұлдыздары – қазақстандық команда өкілі Александр Грищук пен Өзбекстан өкілі Нодирбек Абдусатторов арасындағы ойын барлық назарды өзіне аударды.

Команда сапында әйгілі шахматшылар Александр Грищук, Андрей Есипенко және Рихард Раппорт өнер көрсетті. Қазақстан атынан Дәрмен Сәдуақасов, Алдияр Аңсат, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және әуесқой шахматшы Ислам Әйтен бақ сынады. Команданың капитаны ретінде халықаралық дәрежедегі шебер Гүлмира Дәулетова жетекшілік етті.

Қазақстандық шахматшылар жоғары кәсіби шеберлік пен командалық бірлікті көрсетіп, финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. Бұл нәтиже еліміздегі шахмат спортының дамып келе жатқанын дәлелдейді.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар