Өскеменде «Senat Open»-2025 II ашық кубогінің іріктеу турнирі өтеді

Өскемен 16-05-2025, 18:03 0

18 мамыр күні Өскемен қаласында шахматтан «Senat Open»-2025 II ашық кубогінің турнирі өтеді. Жарыс Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аумағында, Серікбаев көшесі, 19 мекенжайында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Турнирге Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданынан, сондай-ақ Өскемен және Риддер қалаларынан келген шахматшылар қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 35 ойыншы 9 тамыз күні Талдықорған қаласында өтетін «Шығыс» жартылай финалында Шығыс Қазақстан облысының атынан бақ сынайды.

«Senat Open» жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен қолға алынып, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Бұл турнир еліміздегі шахмат әуесқойлары арасында кең қолдау тауып, ұлттық деңгейдегі маңызды спорттық оқиғаға айналды.

Турнир үш кезеңнен тұрады. Алдымен 21 ақпаннан 26 мамырға дейін іріктеу турлары өтсе, кейін 15 маусым мен 9 тамыз аралығында жартылай финалдар ұйымдастырылады. Финалдық кезең 29 тамызда Астана қаласында өтеді. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұрады. Әр ойыншыға он минут, әр жүріс үшін бес секунд қосымша уақыт беріледі. Турнирге халықаралық Эло рейтингі 2000-ге жетпейтін ойыншылар қатыса алады.

2025 жылы бұл турнир Қазақстанның 17 қаласы мен ауданында өткізілді. Қатысушылар саны 1900 адамға жуықтады. Жеңімпаздар жеке және командалық есеп бойынша анықталады.


Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады