Білім беру мекемесінде еңбек құқығы талқыланды

Жаңалықтар 23-04-2025, 08:15 1

Еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеріп, жұмыс өнімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Шығыс Қазақстанға іссапармен келген ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Өскемен көпсалалы технология колледжіне барып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеріп, жұмыс өнімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Шығыс Қазақстанға іссапармен келген ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Өскемен көпсалалы технология колледжіне барып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қонақтарды ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен колледж директоры Қажумқан Оспанғалиев қарсы алды. Колледж басшылығы оқу орнымен таныстырып, ірі өндіріс орындарының қолдауымен жабдықталған шеберханалардағы жұмыс барысын көрсетті. Сатыбалды Телағысұлы еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандарды даярлау ісінде мұндай құзыреттілік орталықтарының рөлі зор екенін ерекше атап өтті.

– Облыс бойынша жұмысшы кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс көлемін жыл сайын арттыру мәселесі қаралуда. Мәселен, былтыр 6 500 адамды қамтыса, биыл бұл көрсеткішті 7 000-ға жеткізу көзделіп отыр. Кейбір өндіріс орындары қажетті мамандардың оқу ақысын өздері төлеп, кейін жұмысқа қабылдайды. Өңірде дуалды оқыту жүйесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыт бізде жақсы жолға қойылған деп есептейміз, – деді Ербол Нұрғалиев.

Кездесу барысында Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақтардың қоғамдағы орны мен рөлінің жоғары екенін атап өтті. 1978 жылы ҮМЗ-ге жұмысшы мамандарды даярлау мақсатында ашылған Өскемен көпсалалы технология колледжінде бүгінде екі бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Оның бірі – «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы, екіншісі – колледж оқытушыларына әдістемелік және құқықтық қолдау көрсететін облыстық кәсіподақ ұйымына қарасты ұйым. Екеуінің құрамында 100-ден астам кәсіподақ мүшесі бар.

Айта кетейік, ғасырдан астам тарихы бар еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйым – Кәсіподақтар федерациясының бүгінде 2 миллионнан астам мүшесі бар. Олардың қатарында 23 салалық кәсіподақ пен 16 мыңнан астам бастауыш ұйым тіркелген.

– Биыл Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл толады. Бұл – адам құқығын қорғаумен айналысатын еліміздегі ірі қоғамдық ұйым. Басты мақсатымыз – еңбекақы мәселесін реттеу, атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру. Қуаныштысы, бұл бастаманы ел Президенті қолдады. Соңғы төрт жылда ең төменгі жалақы екі есеге өсіп, 85 мың теңгеге жетті. Алдағы уақытта халықаралық стандарттарға сай, бұл көрсеткіш елдегі орташа жалақының кемінде 50 пайызына тең болуы тиіс, – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Оның айтуынша, еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғауды көздейтін кәсіподақ ұйымдарына жүктелген міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады