Өскеменде хоккейден «EAST CUP 3x3» чемпионаты аяқталады
Шайбалы хоккейден «үш те үш» форматындағы әуесқойлар арасындағы Ю.П. Тархов атындағы «EAST CUP 3x3» Шығыс кубогының ресми чемпионаты Өскеменде өз мәресіне жетті. Жабылу салтанаты 24 сәуір күні сағат 20:00-де Б.Александров атындағы Спорт сарайының кіші мұз айдынында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған турнир 2024 жылы 13 қарашада, әйгілі хоккейші Борис Александровтың туған күнінде басталған болатын. Чемпионат оның алғашқы жаттықтырушысы Юрий Павлович Тарховқа арналып, Өскемендегі «Бүркіт» командасының бастамасымен ұйымдастырылды.
Жарыс жаңартылған Спорт сарайында өтті: мұз айдынына жаңа табло, дыбыс және жарық жүйесі орнатылған. 3x3 форматы көрермендер үшін тартымды ойын көрсетуге мүмкіндік берді.
Турнирге алты команда қатысты:
- «Бүркіт», «Вираж», «Дәулет», «Лавины» (Өскемен),
- «Ұлан» (Ұлан ауданы),
- «Риддер» (Риддер қаласы).
Жарыс нәтижелері:
- 1 орын – «Бүркіт» (Өскемен)
- 2 орын – «Ұлан»
- 3 орын – «Вираж»
Жабылу салтанаты бағдарламасында:
- Жеңімпаздарды марапаттау,
- Үздік ойыншыларды анықтау,
- Алғыс хаттар мен грамоталар табыстау,
- Медальдар және өтпелі кубокты тапсыру рәсімі өтеді.