Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиада
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2025 жылғы 21–24 сәуір аралығында Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өткізеді.
Олимпиада — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бірнеше орден иегері, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі Қанипа Бітібаеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Шараның мақсаты — оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімін тереңдету, ұлттық дәстүрлерге құрмет пен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиадаға республика бойынша 9–11 сыныптың 200-ге жуық оқушысы қатысады. Қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынайды: эссе жазу және ауызша тур. Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және «Дарын» орталығының грамоталарымен марапатталады.
Олимпиаданың салтанатты ашылуы 22 сәуір күні сағат 10:00-де ШҚО мәдениет басқармасына қарасты облыстық филармонияда (Протозанов көшесі, 43) өтеді. Жабылу рәсімі — 24 сәуірде сағат 09:00-де сол мекенжайда.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7232) 70-02-44.
Сұрақтарыңыз болса, маған жаза аласыздар. Сондай-ақ кім баратынын маған хабарлауларыңызды сұраймын.