Елімізде жалақыны жыл сайын индексациялау ұсынылып отыр
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бұл бастамасы туралы федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бұл бастамасы туралы федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кәсіподақтар федерациясы жалақыны жыл сайын индекстеу сияқты маңызды бастаманы қарастыруды жоспарлап отыр. Сатыбалды Дәулеталиннің пікірінше, бұл норма заң деңгейінде бекітілуге тиіс.
Федерация бұл норманы Еңбек кодексіне заң жүзінде енгізуді ұсынды. Яғни барлық қызметкер үшін жалақыны жыл сайын міндетті түрде индекстеу қарастырылуы керек. Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, индекстеу механизмі түсінікті, әділ болуы және Үкімет шешімімен бекітілуі керек. Әсіресе, табысы төмен қызметкерлердің мүддесі басты назарда болмақ. Индекстеу ресми жылдық инфляция деңгейіне байланысты жүргізілуі керек.
Ол бұл бастаманың Парламентте түрлі пікір туғызуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Себебі депутаттық корпус құрамында түрлі партиялар бар, ал олардың барлығы бірдей жалдамалы қызметкерлердің мүддесін көтеріп жүрген жоқ. Дегенмен, Сатыбалды Дәулеталин қазіргі жағдайға түсіністік танытатындарына үміт білдірді.
Федерация төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамын қолдауға баса мән берілетінін айтты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының жалақыны міндетті индекстеу туралы бастамасы жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтеді. Инфляция мен бағаның өсуі жағдайында бұл ұсыныс сатып алу қабілетін қалпына келтіруге және әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам болмақ.