Ертең Шығыс Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Шығыс Қазақстан 13-07-2025, 11:09

Ертең, 14 шілдеде Шығыс Қазақстанда ауа райы күрт құбылып, таңертең найзағай күтіледі. Күндіз жылы болса да, кешке қарай ауа біршама салқындайды. Синоптиктер тұрғындарға жауын-шашын мен желге дайын болуды ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Таңертең найзағай күтіледі. Ауа температурасы +14...+20°С шамасында болады. Күндіз жылына түсіп, сынап бағанасы +23...+25°С дейін көтеріледі. Кешке қарай ауа біртіндеп суытады – +17...+18°С.

Жел әлсіз, найзағай кезінде күшеюі мүмкін. Жауын-шашын қысқа мерзімді болады.

Тұрғындарға таңертең қолшатыр алып жүруге, ал кешке жеңіл сырт киім киюге кеңес беріледі.


Фото: depositphotos.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар