Еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің үштен бірі моноқалалар үлесіне тиеді

Қазақстан жаңалықтары 19-06-2025, 18:26

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков моноқалалардың еліміздің өнеркәсіп өндірісіне қосар үлесі зор екенін баяндады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың үлесі жалпы көлемнің 36,4%-ын құрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

- 2024 жылдың қорытындысы бойынша моноқалалардағы өнеркәсіп өндірісі көлемі 18,2 трлн теңгені құрады, ал 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,4%-ға артты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 трлн теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға артты, - деді Бауыржан Омарбеков.

Қазіргі таңда елімізде 1,4 млн тұрғыны бар 20 моноқала бар. Онда 18 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді, олардың жұмысы аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Кәспорындар негізінен тау-кен, металлургия және энергетика салаларына негізделген.

Фото: pexels.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар