Шығыстың құтқарушылары судағы қауіпсіздікке ерекше ден қойып отыр

Шомылу маусымы қыза түсті. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар күн сайын су айдындарында рейд жүргізіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салып жүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алайда демалушылардың көпшілігі арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуды жөн көреді. Бұл — адам өміріне тікелей қауіп төндіретін әрекет. Рейд барысында құтқарушылар қайықпен жағалау маңын шолып шығып, суға түсушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, маусым басталғалы бері судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал жаздың басынан бері өңірде 4 адам суға батып кеткен.
Құтқарушылар тұрғындарды тыйым салынған белгілерді ескеріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үндейді. Себебі су – ережеге бағынбайтын күш.
Дмитрий Чжан