Өскемен жылу-электр орталығы кеңейтіледі: стратегиялық жоба іске қосылады

Өскемен / Қоғам / Жаңалықтар / Шығыс Қазақстан 27-07-2025, 10:06

Өскемен жылу-электр орталығын (ЖЭО) кеңейтуге бағытталған ірі инвестициялық жоба аясында №13 турбоагрегат пен №16 қазандық агрегатын орнату жоспарланып отыр. Жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.


Болжам бойынша жобаны іске асыру 2025–2028 жылдарға жоспарланған. Инвестиция көлемі — 140,3 млрд теңге. Жаңа турбина 100 МВт электр энергиясын өндіруге қабілетті болса, қазандық сағатына 400 тонна бу шығарады. Нәтижесінде ЖЭО-ның жылу қуаты 130 Гкал/сағ-қа артып, қаладағы жылу энергиясы тапшылығы 39%-ға дейін азаймақ.


Жоба энергия үнемдеу мен экологиялық қауіпсіздікке баса мән береді. Құрылыс кезеңінде 500-ге жуық уақытша жұмыс орны, ал станция іске қосылған соң 53 тұрақты жұмыс орны ашылады.


– Бұл жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Ол жылу желілерінің температуралық кестесін көтеруге, жабдықтардың тозу деңгейін 13,8%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ отынның үлестік шығынын азайтуға мүмкіндік береді, – деді «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов.


Қазіргі уақытта жоба аясында Еуразиялық даму банкімен қаржыландыру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қытайлық серіктестермен келісімшарттар жасалуда, құрылыс алаңы дайындалу үстінде. Жобалау жұмыстарын Қытай мен Қазақстанның біріккен консорциумы жүзеге асыратын болады.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар