Күршім ауданында көшелер жарықтандырылып, ойын алаңдары салынды

Өскемен / Қоғам / Шығыс Қазақстан 25-11-2025, 08:58

Биыл Күршім ауданында абаттандыру және жарықтандыру аясында Қойтас ауылының көшелерін жарықтандыруға сегіз миллион теңге қарастырылып, жиыны 78 тірек бағана қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен қатар Күршім ауылының өзінде Ибежанов, Малдыбаев, Зангин көшелеріне жарық тартылды. Бурабай ауылында көше жарығын орнату жүргізіліп, ұзындығы 5195 шақырым болатын жарықтандыру тіректері, 232 тірек орнатылды. Дәл осындай жұмыстар ауданның Жолнұсқау, Ақсуат ауылдарында да жүргізілді. Енді аталған ауыл тұрғындары тәуліктің кешкі мезгілінде де еш алаңсыз қолға алған шаруаларын іске асыра алмақ.

– Ағымдағы жылы абаттандыру бойынша Қаратоғай ауылында халыққа арналған демалыс саябағы ашылса, Қайыңды ауылында балалардың ойын алаңын орнатылды. Аманат ауылында 800 метрлік қар ұстауға арналған қоршау жасау, Барақ батыр ауылында хоккей қорапшасын орнату, Теректібұлақ ауылында балалар ойын алаңын, Бурабай ауылында демалыс паркін, Қайнар ауылында балалар ойын алаңын, Қойтас ауылында шағын футбол алаңын, Жолнұсқау ауылында футбол алаңын салу жұмыстары сәтімен жүзеге асырылып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ, Күршім ауылында да үш балалар ойын алаңы орнатылды, – деді аудан әкімі Мейіржан Әлбеков. 

Сондай-ақ, аудан басшысының айтуынша, интернет мәселесінде Топтерек және Ақши ауылдарындағы мемлекеттік мекемелерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізуді 2026 жылдың соңына дейін "қолжетімді интернет" ұлттық жобасы шеңберінде қамтамасыз ету жоспарланған.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар