Қазақстанда Металлург күні – 20 шілде

Қазақстан жаңалықтары 18-07-2025, 17:24

Бүгінде металлургия – Қазақстан өнеркәсібіндегі жетекші әрі болашағы зор салалардың бірі. Қазақстанда шілде айының әр үшінші жексенбісінде металл өндірісіне байланысты мамандық иелері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл – болат балқытушылар, құюшылар, домна пешінің операторлары, соғушылар, қалып жасаушылар, прокатшылар және басқа да мамандардың мерекесі. Оларды ортақ бір сала – металлургия біріктіреді.


Мерекені ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін металлургия саласының ғалымдары, кен өндіруші мамандар мен металлургиялық кәсіпорындарда еңбек ететін барлық қызметкерлер де атап өтеді.


Қазақстанда Металлург күні 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Тарихи дәстүрге сай, бұл кәсіби мереке елімізде шілденің үшінші жексенбісінде аталып келеді.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар