Жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімдер жеңілдеді

Қазақстан жаңалықтары 7-07-2025, 12:47
depositphotos.com

2024 жылдың 25 тамызынан бастап жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған заң өзгерістері күшіне енді. Бұл өзгерістер азаматтарға қарыздан заңды жолмен құтылуды оңайлатуға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұрын «төлем қабілеттілігін қалпына келтіру» рәсімін қолдану үшін міндетті түрде борыш пен мүлік болуы керек еді. Енді бұл талап алынып тасталды. Сонымен қатар соттан тыс банкроттық рәсімі енді тек банктер мен микроқаржы ұйымдарына ғана емес, таратылып жатқан, лицензиясынан айырылған немесе тиісті тізілімнен шығарылған ұйымдарға да қатысты қолданылады.

Банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібі де жеңілдеді. Енді азамат өтініш толтырғанда кредитор туралы немесе берешек сомасы жайлы мәлімет ұсынбайды және қосымша құжаттар жинап тапсыру міндетті емес.

Айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аз қарыздар өтелген деп саналмайды. Ал егер берешек коллекторлық агенттікке берілсе, соңғы төлем күні – сол агенттікке өтпей тұрған күн ретінде есептеледі.

Сондай-ақ қарызды реттеу рәсімі де өзгерді. Бұрын банкроттыққа өтініш бермес бұрын міндетті түрде реттеу процесінен өту керек болса, енді қарыз 12 айдан астам уақыт бойы өтелмесе, бұл рәсімді аттап өтуге болады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың банкроттық мәселелері бойынша 1414 (3 перне) байланыс орталығына, 24-44-00 нөміріне немесе облыстық кірістер басқармаларына жүгінуге болатынын ескертеді.



Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар