Қырғызстан Президенті Астанаға ресми сапармен келді

Қазақстан жаңалықтары / Жаңалықтар 17-06-2025, 17:35

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 17 маусым күні Астанаға келді. Ол осында өтетін «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қырғызстан – Қазақстанның жақын көршісі әрі маңызды әріптесі. Соңғы уақытта екі ел арасындағы сауда көлемі артып келеді. Биылдың өзінде тауар айналымы 25 пайызға көбейіп, 435 миллион доллардан асқан.

Қазақстан мен Қырғызстан жүк тасымалдау, жол қатынасы, логистика саласында да бірлесіп жұмыс істейді. Екі ел де Қытайдан Еуропаға дейін баратын үлкен көлік бағытының бойында орналасқан.

Андрей Дудник

Фото: Ақорда

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар