9-15 маусым күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

Спорт 9-06-2025, 11:35

ҚР Туризм және спорт министрлігі 9-15 маусым аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

10–14 маусым: Нысана көздеуден Әлем кубогі
Ел құрамасынан 15 спортшы қатысады
Өтетін орны: Мюнхен қаласы, Германия

12–15 маусым: U23 және жасөспірімдер арасындағы байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты
Жарысқа 12 спортшымыз қатысады
Өтетін орны: Паттайя қаласы, Таиланд

12–15 маусым: Грэпплингтен халықаралық турнир
Турнирге 10 елден 800 спортшы қатысады
Өтетін орны: Астана қаласы

13–15 маусым: Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогі
Жарыста 1 спортшымыз бақ сынайды 
Өтетін орны: Берн қаласы, Швейцария

13–15 маусым: WT таэквондодан Grand Prix Challenge G2 халықаралық турнирі
Байрақты бәсекеге 5 спортшымыз қатысады
Өтетін орны: Шарлотт қаласы, АҚШ

13–15 маусым: Көркем жүзуден Әлем кубогі (Суперфинал)
Жүлде жолында 12 спортшымыз бақ сынайды
Өтетін орны: Сиань қаласы, Қытай

13–20 маусым: Дзюдодан әлем чемпионаты
Ел құрамасынан 12 спортшы татамиге шығады
Өтетін орны: Будапешт қаласы, Мажарстан

14–21 маусым: Садақ атудан Азия кубогі (2-кезең)
Сайыста 10 спортшымыз өнер көрсетеді
Өтетін орны: Сингапур қаласы, Сингапур


Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар