Хамзаальпер Ромашкин – таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы

Жаңалықтар / Спорт 12-05-2025, 10:53

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан (WT) таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Хамзаальпер Ромашкин алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда Канада өкілі Никола Самордичпен күш сынасып, айқын жеңіске жетті. Осылайша, Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанды.

Әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр, бұл жарыс жасөспірімдер арасында әлемдік деңгейдегі ең маңызды бәсекелердің бірі болып табылады.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар