Бексұлтан Құлмырза – пара дзюдодан әлем чемпионы

Жаңалықтар / Спорт 14-05-2025, 17:06

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді. Бексұлтан Құлмырза әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

J2 санатындағы 81 келі салмақта финалдық белдесу қазақстандық қос спортшы — Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы арасында өтті. Тартысты кездесу 3 минут 11 секундқа созылып, нәтижесінде Құлмырза қарсыласын иппон әдісімен жеңді.

Айта кетейік, бұл қос спортшы үшін де әлем чемпионатындағы алғашқы медаль. Бексұлтанның жеңісі Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды.

Елордада өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионаты 13–15 мамыр күндері өтеді. Биылғы жарысқа 38 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Чемпионат аясында 20 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Оның 16-сы Паралимпиада бағдарламасына енсе, қалған төртеуі жаңадан қосылған салмақ дәрежелеріне тиесілі.

Айта кетерлігі, бұл жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу турнирі болып саналады.

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі


Фото: ҚР Пара дзюдо федерациясы

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар