Ескерту жүйесін тексеру

ШҚО-да 2025 жылғы 23-24 шілдеде «Жер-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
24 шілде күні сағат 10.00-де оқу-жаттығу аясында аумақтық хабарлау жүйесін іске қосу жоспарланған.
Сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теле-радиоарналарды қармап қалу, интернет-ресурстарда және мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жүзеге асырылады.
«Баршаның назарына!» - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Егер Сіз сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, Сіз дереу теледидарды немесе радионы қосуыңыз керек немесе ШҚО ТЖД әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын, «Дармен» қосымшасындағы хабарламаларды және «112» қызметінің SMS хабарламасын қадағалап, ресми ақпаратты мұқият тыңдауыңыз керек.