Теміржолдағы төтенше жағдай: ШҚО ТЖД оқу-жаттығу өткізді

Өскемен 27-03-2025, 17:02 0

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар қызметкерлері теміржол станциясында апатты жою бойынша оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

Сценарийге сәйкес, теміржол цистернасындағы қысымның төмендеуі салдарынан күшті әсер ететін улы зат төгіліп, қауіпті газ бұлты түзіле бастады. Пойыз құрастырушысы оқиғаны байқап, дереу «112» қызметіне хабарлады.

Апат орнына жедел түрде ШҚО ТЖД бөлімшелері мен қажетті техникалар жіберілді. Өрт сөндіру пойызының мамандары улы бұлттың таралуын шектеу үшін су бүріккіш жүйелерін іске қосты, сондай-ақ заттың одан әрі булануына тосқауыл болатын көбік жастықшасын жасады. Құтқарушылар теміржол цистернасындағы ағып жатқан қауіпті затты тоқтату үшін апаттық бандаж орнатты.

Оқу-жаттығу барысында апат салдарын жою үшін азаматтық қорғау қызметтері бірлесе әрекет етті. Төтенше жағдайдың толықтай бақылауға алынғаны хабарланды. Апаттың салдары жойылған соң, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері химиялық ластанған аймақты тазарту және жеке құрам мен техниканы газсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі оқу-жаттығудың мақсаты – осындай жағдайларда шұғыл әрекет ету дағдыларын жетілдіру екенін атап өтті. Құтқарушылар тұрғындарды төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады