ШҚО-ның шалғай ауылдарында өрт сөндіру бекеттері құрылады

Қоғам 24-04-2025, 08:09 0

Шалғай ауылдар мен кенттерде, тұрақты өрт сөндіру бөлімдері жоқ елді мекендерде өрт шыққан жағдайда жедел әрекет ету және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру бекеттерінің қажеттілігі туындап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шалғай ауылдар мен кенттерде, тұрақты өрт сөндіру бөлімдері жоқ елді мекендерде өрт шыққан жағдайда жедел әрекет ету және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру бекеттерінің қажеттілігі туындап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рашид Бляловтың айтуынша, қазіргі таңда өңірде 48 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Олар 82 мыңнан астам тұрғыны бар 141 елді мекенді қамтып отыр. Алайда бұл бекеттердің тек 15-і ғана жыл бойы тұрақты жұмыс істейді. Қалған 33-і маусымдық негізде жұмыс істесе, тағы 11 бекет қаржыландыру мен техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігіне байланысты толыққанды қызмет көрсете алмай отыр.

Мәселені күрделендіретін тағы бір жайт — қажетті инфрақұрылым нысандарының жетіспеушілігі. Көптеген бекеттерде техника сақтайтын жылы бокстар, кезекші қызметкерлерге арналған орынжайлар мен өрт-техникалық жабдықтар жоқ. Байланыс құралдары мен техникалардың көпшілігі жарамсыз күйде, бұл төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуді айтарлықтай тежейді.

Рашид Бляловтың айтуынша, қазіргі ахуалға байланысты кешенді шаралар қабылдау қажет.

– Ең алдымен, әрбір өрт сөндіру бекетінің жағдайына жергілікті атқарушы органдар мен ерікті өрт сөндіру құрамаларының қатысуымен толық талдау жүргізу керек. Осыдан кейін бекеттерді кешенді жабдықтау — ғимараттар мен бокстарды жөндеу, заманауи өрт сөндіру техникасын және байланыс құралдарын сатып алу — мәселесін қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қарауына ұсыну қажет. Бұдан бөлек, басқа облыстардың оң тәжірибесіне сүйене отырып, әсіресе өрт қаупі жоғары аймақтарда жаңа, заманауи пункттер ашу және кез келген төтенше жағдайға уақтылы әрі нақты әрекет ету үшін жауапкершілік аумағын жергілікті атқарушы органдар арасында нақты бөліп беру керек, – дейді департамент басшысы.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қосымша бекеттерді орналастыруға арналған орындарды анықтауды және оларды толық жарақтандыруды тапсырды. Сондай-ақ, ол өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі режимін сақтау шараларының маңыздылығына ерекше тоқталды. Әсіресе, от тез таралатын ашық дала алқаптарында бұл мәселе аса өзекті.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады