ШҚО полицейлері үшін мектептердегі бейнебақылау жүйелері қолжетімді болмақ

Өскемен 27-03-2025, 16:55 0

Бүгінгі таңда Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерге қосылған білім беру ұйымдарының саны барлық салалық нысандардың жартысынан да аз, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2021 жылы Қазақстан Үкіметі өңірлерге білім беру нысандарын 100% Жедел басқару орталықтарына (ЖБО) және кезекші бөлімдерге қосуды міндеттеген еді. Алайда, Шығыс Қазақстан облысында бұл тапсырма қажетті құралдардың – бірыңғай сервердің, деректер сақтау жүйесінің, біртекті платформаның болмауына байланысты толық орындалмаған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, ЖБО мен кезекші бөлімдерге қосылған мектептердің үлесі облыстағы жалпы білім беру нысандарының 38%-ын ғана құрады. Бұл ретте республика бойынша орташа көрсеткіш 72% деңгейінде.

Құқықбұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында білім беру нысандарының қауіпсіздік жүйесін бірыңғай платформаға интеграциялауға бағытталған пилоттық жобаны іске асыру барысы талқыланды.
Мұндай жобалар Ақтөбе және Ақмола облыстарының мектептерінде сәтті жүзеге асырылған.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құзырлы әрі жауапты басқармаларға бұл мәселені бақылауда ұстауды және өңірдегі барлық мектептерді ЖБО мен кезекші бөлімдерге қосуды жүктеді.

– Мектептердегі бейнемониторинг жүйесін белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын, – деді аймақ басшысы.


Елизавета Седых

Фото: Махаббат Ахметжанова

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады